«Алға, Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амангелді Джахин қамауға алынды
977
Тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан» саяси партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшілерінің бірі Амангелді Джахин Көкшетау қаласында ұсталып, қамауға алынды. Белсендіге «Тыйым салынған ұйымның қызметіне араласу» және «Экстремистік әрекетті қаржыландыру» баптары бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Джахиннің әйелінің айтуынша, ол 18 қараша күні Көкшетау қаласына кеткен. Алайда, сол сәттен бастап одан ешқандай хабар болмаған. Кейінірек белсендінің қорғаушысы Мейіржан Досқараевтың мәліметінше, Амангелді Джахин Көкшетау қаласында ұсталып, қамауға алынған.
Полиция департаменті белсендінің ұсталғанын және оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын растады.
Белсендіге «Тыйым салынған ұйымның қызметіне араласу» және «террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік» баптары бойынша айып тағылып отырғанын хабарлады.
Соңғы жаңалықтар
25.08.2026
23:09
Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт ...
25.08.2026
22:38
Тоқаев пен Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлес...
25.08.2026
21:38
Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрылтай сайлауының ...
25.08.2026
20:43
Құрбысы: Күйеуі Мадинаның алтындары мен "айфоны...
25.08.2026
20:36
Астанада декреттегі әйел жалдамалы пәтерден ірі...
25.08.2026
19:45
Мадинаның құрбысы: Енесі «Келін бізге сор болды...