«Әлі ешкім көрген жоқ»: Зеленский ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

Күні кеше Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«РБК-Украина» басылымының жазуынша, Украина президенті Ресейдің соғысты әдейі созып, бейбіт келіссөздерді кейінге қалдыруға тырысып жатқанын айтты.
«Ресей соғысты тоқтатқысы келмейді. Мәскеу өзіне сөзбен әсер етуге тырысатын мемлекеттерді алдап, уақытты созу үшін түрлі айла-шарғы жасап отыр. Олар сөзге құлақ аспайды. Біз бір аптадан астам уақыттан бері дайындалып жатқан «меморандумды» әлі күнге дейін ешкім көрмеді», – деді Зеленский өзінің Telegram арнасында жариялаған үндеуінде.
Президенттің айтуынша, Ресей әзірлеген құжатты Украина да, бейбітшілік орнатуға делдал болуға тырысқан Түркия да алмаған. Сонымен қатар Зеленский Мәскеудің АҚШ пен бұрынғы президент Дональд Трампқа басқа уәде бергенін алға тартты.
«Бұл – Ресейдің кезекті жалған әрекеті. Олар кез келген кездесуді нәтижесіз етуге тырысып жатыр. Бұл жағдай Ресейге қарсы санкция мен қысымның әлі де қажет екенін көрсетеді», – деді ол.
Бұған дейін басылымдар Ыстанбұлда өткен келіссөздерден кейін Ресей атысты тоқтатуға қатысты өз ұстанымын қамтитын меморандум әзірлеп жатқанын хабарлаған. Кремль өкілдері бұл құжат алдағы бейбіт келісімнің негізіне айналуы мүмкін екенін айтқан.
Соңғы жаңалықтар





