"Әлі күтіп жүрмін": Жахан Отарғалиевтің әйелі ренішін білдірді

07.05.2025 20:05
0
206
Фото: әлеуметтік желі

Танымал актер әрі блогер Жахан Отарғалиев әйелімен әзіл-шыны аралас әңгіме барысында өзіне қатысты реніштерді күтпеген жерден естіп қалды, ддеп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жұбайы актердің уәде беріп, кейін ұмытып кеткен әрекеттерін ашық айтып берді.

«Бірінші кездескен түскі асқа бардық. Сол күні күшті десерт жегіземін дедің. Соны жесең, тілің аузыңнан кетпейді дегенсің. Бірақ алып берген жоқсың. Соны әлі күнге дейін күтіп жүрмін. Ал тағы бірде “Сені Көлсайға апарамын” дегенсің. Дәл сол кезде демалысқа барғым келіп жүрген. Мен келісе кеттім. Бірақ оны да ұмытып кеттің», – деді Жаханның жұбайы.

Желі қолданушылары бұл диалогты бейнежазбадан көріп, түрлі пікір қалдырды. Көпшілік актерге уәдесінде тұру керектігін ескертіп, әзілмен де, сынмен де жауап беруде.

«Жахан өтірік күліп отырған сияқты», «Енді айтылған нәрсе орындалуы керек», «Сенің өтірік күлгеніңнен жүйкем жұқарып кетті», «Ыржақ-ыржақ не енді осы? Бей берекет!», «Менің де ренішім бар, кімге айтсам екен» – деген пікірлер әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий