Теңізге кәріз суын ағызған кім? Маңғыстау облысындағы оқиғаға қатысты тексеру басталды

Теңізге кәріз суын ағызған кім? Маңғыстау облысындағы оқиғаға қатысты тексеру басталды
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының тұрғындары теңіз жағалауынан жағымсыз иіс шығып, белгісіз сұйықтықтың суға қарай ағып жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Politico.kz сайты “Lada.kz”-ке сілтемемен.

Экологтар тексеру жүргізіп, тұрғындардың күдігін растады. Белгілі болғандай, теңізге қарай аққан сұйықтық кәріз суы болып шыққанLada.kz.

Жергілікті тұрғындардың бірі жағалауда серуендеп жүргенде судан шыққан өткір иісті байқап, редакцияға шағымданған. Оның айтуынша, лас су балалар алаңына жақын аумақтан өтіп, теңізге қарай ағып жатқан. Бұл жағдай ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын туғызған.

Тұрғындардың өтінішінен кейін Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары аталған аумаққа жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде жер астындағы құбырдың зақымданып, одан аққан сұйықтықтың жер бетіне шыққаны анықталды. Мамандар зертханалық талдау үшін су сынамаларын да алған.

Зерттеу қорытындысы сұйықтықтың кәріз суы екенін растады. Сонымен қатар құбырдың иесі Қарақия ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі екені белгілі болды.

Экология департаменті аталған мекеме басшылығын экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тарту мәселесін қарастыру жөнінде прокуратураға хат жолдаған. Ведомство бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Айта кетейік, тексеруден кейін зақымданған құбыр жөнделіп, судың ағуы тоқтатылған. Алайда теңіз жағалауына кәріз суының төгілуіне жол берген жауапты тұлғалардың мәселесі әлі де қаралуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу