Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотип таныстырылды

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотип таныстырылды
14.02.2025 09:58
0
260
Ақтөбе облысы әкімдігі
Батыр қыздың рухына арналған логотип ресми түрде таныстырылды

Батыр Әлияның 100 жылдығына арналған логотип бекітілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Логотипте Әлияның бейнесі, қазақтың ұлттық оюы мен «100 жыл» деген белгі ерекше үйлесім тапқан.

Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Атаулы датаға орай мерейтойлық логотип бекітілді.

Логотип - батыр рухына деген тағзымның символы, оның есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдырудың көрінісі болады дейді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. 

Мерейтой аясында Ақтөбеден шығатын барлық өнімдерде осы логотип бейнеленеді. Бұл бастама Әлия Молдағұлова атындағы туған өлкенің ғана емес, барша қазақ елінің батыр қызға деген құрметін көрсетпек.

100 жылдықты атап өту жоспарына сәйкес облыстық деңгейде 100-ден аса іс-шара өтеді. Мерейтой республикалық салтанатты шаралар тізіміне енгізілді.

100 жылдық қарсаңында Әлия ауылдық клубы, «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атындағы мемориалдық музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий