Алматы әкімдері қаланың дамуына қалай кедергі келтірді?

Алматы әкімдері қаланың дамуына қалай кедергі келтірді?
24.06.2025 14:24
0
152
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Қала бюджеті 170 млрд теңгеге үнемделуі мүмкін еді

Алматы әкімдері қаланың дамуына қалай кедергі келтірді?

Әрбір жаңа Алматы әкімінен қала тұрғындары жолдардың тым толып кетуі мен ауаның ластануы сияқты мәселелерді шешуді күтеді. Бұрынғы басшылар өздерінің міндеттерін орындамаған деуге болмайды, бірақ олардың әрекеттері жүйелі емес, кейде қарама-қайшы болды. Нәтижесінде жаңа қателер ескілерге қосылып, қаладағы жағдай одан сайын нашарлады. Қазіргі уақытта Алматы ұзақ мерзімді жәме сауатты стратегияны қажет етеді, дейді «АлматыМетроҚұылыс» басшысы Қайрат Рейімов.

Кедергілер жолағы

Алматы инфрақұрылымы 700 мың тұрғынға есептелген деген пікір бар. Дегенмен, әлемде кішкене қалалар ірі мегаполисерге айналған мысалдар көп. Мәселе қаланың өлшемінде емес, шешім қабылдайтын адамдардың мәселені терең зерттемеуінде. Әрбір әкім жергілікті мамандардың ұсыныстарын елемей, жеке шешімдер қабылдады. Нәтижесінде қала әртүрлі көлік шешімдерінің «мозаикасына» айналды.

Алматыдағы кептелістердің мәселесі қаладан тыс жерлерден басталады. Әр таңертең 300 мыңнан аса көлік қалаға келеді. Олардың қажеттіліктерін ескермеу - үлкен қате. Қалаға кіретін жолдардың өткізу қабілеті жеткіліксіз, ал бұрынғы билік өкілдері жолдардың бойына тіпті қажетсіз құрылыстарды рұқсат етті.

Шешімдер: LRT немесе BRT?

SPIK.KZ ұсынысы — Қаскелен, Талғар бағытында жеңіл рельсті көлік (LRT) немесе жылдам автобус жүйесі (BRT) құру. Бұл шешім қала сыртындағы тұрғындарға көлік таңдау мүмкіндігін береді. LRT — идеалды нұсқа, бірақ ол қымбат. Сондықтан алдымен BRT-ді енгізуге болады.

Альтернатива: канатты жолдар

Қала ішінде LRT салу қателік болады. Оның орнына біз канатты жолдарды ұсынамыз. Олар экологиялық таза, үнемді және қолайлы. Мысалы, Төле би көшесі бойыншағы жоба 3 жыл ішінде салынып, күніне 288 мың адамға қызмет көрсете алады. Бірақ билік бұл идеяны қолдамайды.

Метро құрылысы: неліктен кедергілер бар?

Қазақстандық бизнеске деген сенімсіздік - ірі мәселе. Бізді «АлматыМетроҚұрылыс» компаниясы ретінде метро құрылысынан шеттетуге тырысады. Ал, шын мәнінде, құрылыс жұмыстарының кешігуіне қала әкімдігінің қаржыландыруды ұзақтыруы себеп болды.

Қытай компанияларымен 5,3 км метро желісін салу туралы келіссөздер де алаңдатарлық. Қытайлықтар 520 миллиард теңгелік жобаны Қазақстан үкіметінің кепілдігімен ұсынады. Бірақ бұл шығындар уақыт өте келе артады. Ал, біз бұл желені 350 миллиард теңгеге салып, бюджетке 170 миллиард теңге үнемдеуге дайынбыз.

Қортынды

Алматы үшін ұзақ мерзімді жоспар қажет. Әкімдер жергілікті мамандарды тыңдап, тиімді шешімдерді іздеуі керек. Әйтпесе, қаланың көлік мәселелері одан әрі шиеленісе береді.

Дереккөз: SPIK.KZ

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий