Алматының екі ауданы Жаңа жылға дайындыққа 178,5 млн теңгеден жұмсамақ

Алматының екі ауданы Жаңа жылға дайындыққа 178,5 млн теңгеден жұмсамақ
23.09.2025 07:45
0
166
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы аудандары Жаңа жылдық безендіруге 178,5 млн теңгеден бөлмек, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Алматы қаласының Бостандық және Түрксіб аудандарының әкімдіктері Жаңа жылдық безендіруге 178,5 миллион теңгеден жұмсауды жоспарлап отыр. Бостандық ауданы бойынша тиісті лот мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланды.

Бостандық ауданының жоспары бойынша, 62,5 млн теңге «Атакент» орталығын безендіруге бөлінеді. Бұл сомаға 25 метрлік шырша, фотоаймақтар және «2026» сандары бар арканы сүйреп бара жатқан жылқы мүсіні сияқты жарық мүсіндері кіреді. Тағы 62,5 млн теңге Тұңғыш Президент саябағына, ал 53,5 млн теңге негізгі көшелерді жарықтандыруға бағытталмақ.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы ақпаратқа сәйкес, Бостандық ауданындағы безендіру жұмыстарына қатысуға өтінімдер 24 қыркүйектен 1 қазанға дейін қабылданады.

Бір қызығы, Бостандық ауданына қарағанда халық саны 1,5 есе, ал аумағы 1,3 есе аз Түрксіб ауданының әкімдігі де Жаңа жылға дайындыққа дәл осындай сома, яғни 178,5 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий