Алматы ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды

13.05.2026 23:19 Қарақат АСЫЛОВА
Алматы ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды
240
Алматыдағы қайғылы жағдай бойынша тексеріс жүріп жатыр

Алматыдағы бір ауруханада жүкті әйелдің қайтыс болу дерегіне байланысты ресми органдар түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиғаның нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болатыны хабарланды.

Қалалық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті бұл жағдай бойынша медициналық ұйым тиісті органдарға ақпаратты уақытылы жеткізбегенін мәлімдеді. Осыған байланысты ауруханаға әкімшілік айыппұл салынған.

Ал Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқиға мереке күні болғандықтан, ресми құжаттардың келесі жұмыс күні жолданғанын түсіндірді. Ведомство бұл жағдайды жасыру немесе ақпарат бермеу туралы тараған мәліметтерді жоққа шығарды.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, 7 мамыр Қазақстанда ресми мереке және демалыс күні болғандықтан, электрондық құжат айналымы тек жұмыс күндері мен жұмыс уақытында жүзеге асады. Сол себепті алғашқы мәлімет жедел түрде WhatsApp арқылы жолданған, ал растайтын скриншоттар бар екені айтылды.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тексеру жалғасуда, ал нақты себеп сараптама нәтижесінен кейін жария етіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий