Алматы мен Шымкентке ағылған жастарға қатысты Үкімет шұғыл шешім қабылдады
325
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (ЕРДО) баянжазбасына сәйкес, Қазақстанда 21 жасқа дейінгі жастардың 57 %-ының техникалық және кәсіптік білімі бола тұра жұмыссыз қалды.
NEET жастардың (Not in Education, Employment or Training) немесе ni-ni ұрпақтың (испанша, ni estudia, ni trabaja), яғни түрлі себеппен не оқу оқымайтын, не жұмыс істемейтін жастардың жағдайы да мәз емес.
Ведомстволық мәліметтерге сәйкес, республикада тіркелген жұмыссыздардың басым бөлігі – 43 %-ы немесе 137,4 мың адам тек мектеп қана бітіріп, әрі қарай мамандық игермегендер. Тағы 30 %-ы (94,2 мың адам) – колледжбен, училищемен, техникалық және кәсіптік біліммен шектелгендер. Сонда 27 %-ы (86,2 мың адам) ғана – жоғары білім алған. Осыған қарап, ЕРДО сарапшылары жұмысқа орналасудағы табыстылыққа ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – сол бұрынғыдай жоғарғы білім болып қала бергенін айтады.
Өңірлерде орын таппаған азаматтар, әсіресе жастар ірі қалаларға аттанады. Сондықтан биліктің басымдықты бір міндеті – шаһарларға лек-лекпен ағылып келіп жатқан ауыл жастарын жұмыспен қамту жəне олардың табыс табу мүмкіндіктерін қарастыру болуға тиіс.
Республика бойынша "NEET" санатындағы жастардың үлесі 7,1%-ды құрайды екен. Бұл 379 мыңнан астам азамат: тұтас армия!
"Осы санатта ауыл жастарының үлесі айтарлықтай. Жастар табыс іздеп, үш ірі магнит-қалаға – Астана, Алматы, Шымкентке ұмтылады. Мысалы, жыл сайын Астанаға 30 мыңнан астам адам көшіп келіп жатыр. Көші-қон ағынының негізгі үлесін еңбек тəжірбиесі мен практикалық дағдылары жоқ ауыл жастары құрайды. Əдетте, қалаларда олар уақытша, жалақысы төмен, қара жұмыстармен айналысып, құрылыс алаңдары мен базарларда нəпақа іздеп жүр. Біліктілігінің жоқтығынан табысының да төмен болуы ауыл жастарын қарызға итермелейді. Жастардың жаппай борышқа батуы қалалардағы əлеуметтік тұрақтылыққа кері əсерін тигізуі мүмкін", – деді Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев.Осы орайда депутаттардың сауалына жауап жолдаған Үкімет басшысы Олжас Бектенов биылғы 1 мамырдан бастап, еліміз бойынша "Joltap" жобасы енгізілетінін хабарлады. Дұрысын айтқанда, бұл – елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің жүзеге асырып жатқан жобасы. Оның табысқа жеткенін байқаған билік бұдан былай сол тәжірибені кеңейтіп, бүкіл Қазақстанға жаятын болды.
"Астана қаласының әкімдігі "Joltap" жобасын пилоттық режимде іске асыруда. Негізгі мақсаты – Астананың өзіндегі және көшіп келіп, жұмыссыз жүрген барлық жастарды анықтау, олардың жұмыс табуына нақты жәрдемдесетін практикалық дағдыларға оқыту, соңынан жұмысқа орналасуына және шағын бизнес ашуына көмек көрсету. Жоба демеушілік қаржылар есебінен іске асырылуда", – деді Премьер-министр.Жасыратыны жоқ, мемлекеттен қайыр күтпейтін жастар проблемасымен билік органдарына бара бермейді. Сондықтан жергілікті билік өкілдерінің өзі соларға барады.
Соңғы жаңалықтар
14.08.2026
11:23
Ақтөбеде 500 мың теңге пара алған салықшы 15 мл...
14.08.2026
11:09
«Қаза тапқан ұшқыштар кінәлі ме»: Батыс Қазақст...
14.08.2026
10:23
Блогер Диана Скатова үйлену тойын ақылы тікелей...
14.08.2026
09:40
Оралда септикке құлап кеткен 8 жасар қыз көз жұмды
14.08.2026
09:38
Толқын Забирова қаралы хабар айтты
13.08.2026
23:28
Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі...