Алматы облыстық соты Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Алматы облыстық соты Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Фото: коллаж politico.kz

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарауды аяқтап, түпкілікті шешім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабыралиеваның адвокаты әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырып, қорғау тарапының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырған.

Заңгер қабылданған сот шешімін заңды, әділ әрі негізді деп бағалап, істі объективті қараған судьяларға, сондай-ақ тергеу мен қадағалау жұмыстарын кәсіби деңгейде жүргізген Қарасай ауданы мен Алматы облысының полиция және прокуратура қызметкерлеріне алғыс айтты.

Сонымен қатар адвокат бұл істің ақиқатын ашуға және қоғамдағы өзге де өзекті мәселелерді көтеруге атсалысқан белгілі журналист Руслан Өтепбайға ерекше ризашылығын білдірді:

«Досым, белгілі журналист Руслан Өтепбайға ерекше алғысымды білдіремін! Біздің ісімізде ғана емес, еліміздегі өзге де өзекті мәселелерді әділ әрі шынайы көтеріп, ақиқаттың ашылуына қосып жүрген үлесің үшін рақмет! Әрдайым әділдіктің жағында болып, шындықтың үнін жеткізе бер, бауырым! Әділдік әрқашан салтанат құрып, заң әрбір адамның құқықтары мен заңды мүдделерін бірдей қорғауы тиіс», — деп жазды заңгер.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу