Алматы облысында адамдар жаппай сушиден уланды

Алматы облысында адамдар жаппай сушиден уланды
Фото: pixabay.com

Алматы облысы Боралдай кентінде 19 адам жаппай сушиден уланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің хабарлауынша, Боралдай кентіндегі «Алатау» базарында орналасқан Sushi Time мекемесі жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл шешім оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталғанға дейін күшінде.

Қоғамдық тамақтану орнының өнімдерін тұтынғаннан кейін тағамнан улану белгілерімен 19 адам ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізуде. Зертханалық сараптама жасау үшін тағам өнімдерінен сынамалар алынып, материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

Тексеру жүргізу кезеңінде және оқиғаның барлық мән-жайы толық анықталғанға дейін Sushi Time қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды.

Оқиғаның нақты себептері зертханалық зерттеулер мен тексеру нәтижелері шыққаннан кейін белгілі болады. Тексеру қорытындылары қосымша хабарланады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу