Алматы облысында ақпанда жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

Алматы облысында ақпанда жоғалған ер адам өлі күйінде табылды
Бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен азаматтың мәйіті табылды

Алматы облысында бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

1987 жылы туған Шыңғыс Өтеубаев биыл 4 ақпанда із-түзсіз кеткен болатын. Ол Жамбыл ауданындағы Алматы – Бішкек тасжолының 60-шақырымында орналасқан автотұрақтан белгісіз бағытта кетіп қалған.

Еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесін 12 мамыр күні жол құрылысымен айналысып жүрген жұмысшылар елсіз жерден тапқан. Алдын ала ақпарат бойынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Марқұмды іздеуге бұған дейін еріктілер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу