Алматы облысында бес балаға иіс тиді
749
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында бес бала көмірқышқыл газынан уланып қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайғылы жағдай 15 қарашада болған. Құтқарушылардың мәліметінше бес бала ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаға пешті дұрыс пайдаланбау себеп болған, газ конфоркалары ашық күйде қалып, мұржа тазаланбаған.
«Барлық бала орташа ауыр хәлде, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бұған дейін осы мекенжайдағы үй иелеріне өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы ескерту парағы берілген. Соған қарамастан, сақтық шаралары сақталмаған, салдарынан балалардың улануына алып келген.
Үй иесін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...