Алматы облысында медициналық орталық пен үйлерді су басты

Алматы облысында медициналық орталық пен үйлерді су басты
25.03.2025 12:57
0
394
depositphotos.com

25 наурызда толассыз жауын-шашынның салдарынан Қотырабұлақ өзені арнасынан шығып, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басты, - деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Tengrinews.kz тілшісі таратқан мәлімет бойынша су басудың негізгі себебі – өзен арнасының заңсыз тарылуы. Тұрғындар өзеннің табиғи арнасына қоршаулар мен күркелер орнатқан, бұл судың өткізу қабілетін төмендеткен.

Салдарын жою және су басудың алдын алу мақсатында Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйесін тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жұмысқа Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 15 адам, 5 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылған.

"Қазіргі уақытта су ағымы тоқтатылды, заңбұзушыларды анықтау және өзен арнасының табиғи өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Азаматтарды су нысандарын пайдалану ережелерін сақтауға және өзен арналарын рұқсатсыз өзгертпеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий