Алматы облысында қаза тапқан полиция қызметкерінің қарындасы елге үндеу жасады
Алматы облысында қаза тапқан полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қарындасы әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялап, ағасын еске алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Марқұмның қарындасы ағасының отбасы үшін қамқор әке, жақындарына қорған болғанын айтып, оның мейірімділігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті.
«Бүгін, міне, үш күн болды… Сенің жоғыңа әлі де сене алар емеспін. Жаның жай тапсын. Сен туралы кітап жазуға болады. Сені бір рет көрген адамның өзі сенің жақсылығыңды айтып кететін», – деп жазды ол.
Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіде тарап жатқан түрлі қауесеттерге сенбеуге шақырып, нақты ақпаратқа ғана сүйенуге үндеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы таулы аумақтан полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің өртелген мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Оқиғаға қатысты құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
20:30
Оқушыларға зорлық-зомбылық пен құмар ойын сайтт...
11.11.2026
19:34
ҚазҰУ студентінің жұмбақ өлімі: Министр ҚазҰУ-д...
11.11.2026
18:51
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларына қатысты те...
11.11.2026
18:40
Ақтөбеде жасөспірімдерді тонаған күдіктілер 7 ж...
11.11.2026
18:15
«Қатысым жоқ»: Давид Лория әкесіне қатысты дауғ...
11.11.2026
18:14
Мәскеуде Тоқаевтың қатысуымен ҰҚШҰ басшыларының...