Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды (ВИДЕО)

25.11.2025 08:32 Әсел Мұрат
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды (ВИДЕО)
0
188
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында жан түршігерлік жол апаты болып, бірнеше адам қаза болды. Қайғылы оқиға Қайназар ауылының маңында болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. 

Облыстық полицияның мәліметінше, жол апаты Алматы – Бішкек автожолының 65-ші шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Audi көлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан Toyota маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, медициналық мекемеде қайтыс болды. Сонымен қатар, бес жолаушы түрлі жарақаттар алды және дәрігерлердің бақылауында», — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция оқиға бойынша алдын ала тергеу басталғанын хабарлады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы тергеудің барысын ерекше бақылауға алды.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий