Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан Үндістан студенттері көз жұмды (ВИДЕО)
Жол апаты «Алматы – Бішкек» автожолының 86-шақырымында болған, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Alphard» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, көлікті аударып алған. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.
Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Үндістанның Астанадағы елшілігі көлікте Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің 4 үнді студенті және бір турист болғанын хабарлады.
Елшіліктің мәліметінше, қаза тапқан үш адамның екеуі – Үндістан студенті. Тағы 2 үнді студенті мен 1 турист ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Елшілік марқұмдар мен зардап шеккендердің отбасыларымен тұрақты байланыста және Қазақстанның жергілікті билік өкілдерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, консулдық көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.
Соңғы жаңалықтар