Алматы облысында жаппай ағаш кескендер белсендіге пара ұсынған

Алматы облысында жаппай ағаш кескендер белсендіге пара ұсынған
11.09.2025 18:34
0
188
Сәуле Бикетеева. Сурет ZonaKZ ютуб арнасы

Алматы облысының Қарасай ауданындағы орман алқабының жаппай кесілуіне қатысты дау шықты. Қоғам белсендісі Сәуле Бикетеева табиғатқа келтіріліп жатқан зиян туралы видео жариялап, бұл іске жауаптылардың оған ақша ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Белсендінің әлеуметтік желіде таратқан бейнежазбасына сәйкес, ағаштар Қаскелеңнен Шалқарға дейінгі жолдың бойында тамырымен қопарылып жатыр. Оның сөзінше, небәрі екі күн ішінде орман алқабының едәуір бөлігі жойылған.

Сондай-ақ, Сәуле Бикетеева оқиға орнында өзін жер иесі деп таныстырған белгісіз біреудің видеоны түсірмеуі үшін ақша ұсынғанын айтады.

«Ол тіпті бәрімен келісіп қойғанын, кімге не керек, соның бәрін бергенін де жеткізді», - дейді белсенді.

Осыған байланысты қоғам белсендісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін іске араласуға шақырды. Сонымен қатар ол Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қарасай ауданының басшысы Жасұлан Естеновтен бұл жағдайға назар аударып, заңсыздықты тоқтатуды талап етеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий