Алматы полициясы қызметкерінің өртелген мәйіті табылды (ВИДЕО)

24.06.2026 09:58 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Алматы полициясы қызметкерінің өртелген мәйіті табылды (ВИДЕО)
304
Фото: t.me/kozachkow

Алматы облысының Кеген ауданында Алматы қалалық полициясының 37 жастағы қызметкері Аслан Альсеровтың өртелген денесі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәйітті 23 маусым күні мал іздеп жүрген шопан Көкпек – Көктал – Кеген тасжолынан 400 метрдей қашықтықта тапқан.

Тергеу мәліметінше Әуезов аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі болып жұмыс істеген марқұмның денесі қатты күйіп кеткен және оң қолында жанған арқанның қалдығы болған.

Құқық қорғау органдары бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен марқұмның әйелі Арайлым Альсерованы, олардың 14 жастағы ұлы мен оның кәмелетке толмаған досын тексеріп жатыр.

Белгілі болғандай күдікті әйел бұрын Бостандық аудандық полиция басқармасында қызмет еткен, ал бұл ерлі-зайыптылар 15 жылдан астам уақыт отасып, 7 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы саналған.

Бастапқыда жай «адам өлтіру» бабымен басталған қылмыстық іс қазір «алдын ала сөз байласу арқылы аса қатыгездікпен кісі өлтіру» фактісі ретінде тергеліп жатыр және бұл іс бойынша кінәлілер 15 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Войдите, чтобы оставить комментарий