Алматыда есінен танған қызға “көмекке келгендер” iPhone-дарын ұрлап кеткен
980
Көмектескен кейіп танытқандардың шын бейнесі әшкереленді
Алматыда адам шошырлық оқиға болды. Қаланың қақ ортасында есінен танған қызға көмектескен кейіп танытқан үш ер адам оның және құрбысының қымбат телефондарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 7 ақпан күні Кабанбай батыр мен Зенков көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, қыздардың бірі аяқ астынан есінен танып құлаған. Құрбысы оны есін жиғызуға тырысып жатқанда, жанына үш ер адам келіп, “көмектеспек” болған.
Алайда көп ұзамай қыздар қалталарынан екі бірдей қымбат смартфон — iPhone 15 Pro мен iPhone 16 Pro жоғалғанын байқайды. Ал әлгі “жанашыр” ер адамдар сол сәтте ізін суытып үлгерген.Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Асхат Даулетияров мәлімдеді. Оның сөзінше, күдіктілердің басқа да мүліктік қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Құқық қорғау органдары төтенше жағдай кезінде қырағылық танытып, жеке заттарға мұқият болуға шақырады.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады