Алматыда халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді
364
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2-3 қыркүйек күндері Боралдай сақ қорғандарында «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қала күніне орайластырылған фестиваль «Алматы – Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәдени және туристік астанасы» жобасы аясында өтеді.
Бағдарламада 10-нан астам көшпелі халықтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары, мәдени мұралары ұсынылады.
Сондай ақ, шет елдік және қазақстандық шабандоздардың түрлі өнерлері, үздік этномузыканттардың әндері, қолөнершілердің шеберлік сабақтары көрсетіледі.
Айта кетейік, кіру тегін. Басталу уақыты: 10:00.
Сағат 9 бен 18.00 аралығында Сақ қорғандарына қала ішінен арнайы автобустар жүреді. Орталық стадион, «1-Алматы вокзалы», «Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры» және «Алатау» дәстүрлі өнер театры маңынан автобустар қатынайды.
Айта кетейік, кіру тегін. Басталу уақыты: 10:00.
Сағат 9 бен 18.00 аралығында Сақ қорғандарына қала ішінен арнайы автобустар жүреді. Орталық стадион, «1-Алматы вокзалы», «Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры» және «Алатау» дәстүрлі өнер театры маңынан автобустар қатынайды. Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...