Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан жүргізуші қаза тапты (ВИДЕО)
Алматыда өрт сөндіру көлігі мен Toyota Camry соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі қаза тапты. Ал өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 17 қараша күні сағат 00:40 шамасында Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіру көлігі шақыртуға бара жатқан. Оның арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосулы болған. Алайда қиылыстан өтіп бара жатқанда Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Апаттан кейін жеңіл көліктің жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Ол оқиға орнында көз жұмған.
«Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады полиция.
Қазір тергеушілер жол апатының нақты себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
10:35
Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан жүрг...
17.11.2026
10:21
СҚО-да сірке қышқылын ішкен әкімдік қызметкері ...
17.11.2026
10:16
"Менен 30 жас кішілер атақ алып жатыр": Нұрлан ...
17.11.2026
10:04
Шу ауданында «Қазақмыс» қолдауымен екі спорт ал...
17.11.2026
09:53
Жемқорлық дауы: Моңғолия президенті отставкаға ...
17.11.2026
09:35
Алматы метросында көзі көрмейтін жігіттің өлімі...