"Менен 30 жас кішілер атақ алып жатыр": Нұрлан Еспанов неге атаққа лайықты екенін түсіндірді

"Менен 30 жас кішілер атақ алып жатыр": Нұрлан Еспанов неге атаққа лайықты екенін түсіндірді
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов мемлекеттік атақ алу мәселесіне қатысты ашық пікір білдіріп, өзінің бұл марапатқа әбден лайықты екенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің сөзінше, бүгінде бастауыш сынып оқушылары мен танымал отандық мультфильмдердегі әндердің авторы бола тұра, әлі күнге дейін атақ ала алмай жүр:

«Нұреке, 53-ке келдіңіз ғой дейді. Мен атаққа кешіккен адаммын деймін. 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін қазір балалар менің әніммен оқып жатыр. "Әліппе — кішкентай қайық", "Қос қарлығаш" — барлығын мен жазғанмын. Оның бәрін айта берсем, жылап жібересіздер. "Қошқар мен теке" мультфильміндегі барлық әнді мен жазғанмын», — деді композитор.

Сонымен қатар Нұрлан Еспанов қоржынында 200-ден астам туынды бар екенін алға тартып, өзінен әлдеқайда жас әріптестерінің марапат алып жатқанына қынжылыс білдірді:

«Мен "Еңбек сіңірген" атағын алған жоқпын. Оны алу үшін не істеу керек деп ойланамын. Балалар "сен өлуің керек ол үшін" дейді. Қоржында 200-ден астам ән бар. Менен 30 жас кішілер атақ алып жатыр», — деп түйіндеді әнші.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу