Алматыда пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)
1031
Бостандық ауданында қолына пышақ ұстаған белгісіз азамат елді алаңдатты
Алматыда көшеде қолына пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.
Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз азаматтың Бостандық ауданындағы көшелердің бірінде адамдарға тиісіп жүргені көрінеді.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңғы сағат 08:40 шамасында Есқараев пен Серкебаев көшелерінің қиылысында болған. Олардың сөзінше, ер адам мас күйде болып, қолындағы пышақпен көшеде жүрген адамдарға мазасын тигізген. Кейін ол №1 троллейбусқа мініп, басқа бағытқа кетіп қалған.
Желіде жарияланған кадрларда ер адамның көшеде пышақ ұстап жүрген сәті анық байқалады.
Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта ер адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады