Алматыда құны 2 млрд теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды
1054
Іле Алатауында заңсыз берілген 4,2 гектар жер мемлекетке өтті
Алматы қаласында прокуратураның араласуымен құны 2 миллиард теңгеден асатын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Прокуратураның мәліметінше, Іле Алатауының бөктерінде орналасқан, жалпы аумағы 4,2 гектар болатын жер учаскесі заңсыз түрде жекеменшікке берілгені анықталған. Аталған аумақ сауықтыру мақсатындағы жерлер санатына жатады және экологиялық желінің маңызды бөлігі болып табылады.
Осы заңбұзушылыққа байланысты Алматы қаласы Алатау аудандық прокуратурасы сотқа талап арыз түсірген. Нәтижесінде сот жерге қатысты жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Қабылданған шешім негізінде даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Құзырлы органдар мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
17:28
Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі...
13.10.2026
17:18
Қазақстан экономикасы тоғыз айда 4,2 пайызға өсті
13.10.2026
17:13
«Қап-қап ақша»: Түркістандық әжейдің үйінде күт...
13.10.2026
17:02
Қазақстанда шошқа тұмауының 5 жағдайы тіркелді:...
13.10.2026
16:43
Әнипа Назарбаева ел алдындағы берешегін азайтты
13.10.2026
16:29
Қостанай облысында жол жиегінен әйелдің мәйіті ...