Алматыда төрт көшенің атауы өзгереді: жергілікті тұрғындар құжат ауыстыруы керек пе
219
30 мамырда, мәслихат депутаттары Алматыдағы төрт көшенің атауын өзгертуге бірауыздан дауыс берді. Бұл ретте әкімдіктегілер үйлердің нөмірленуі автоматты түрде жаңартылып, тұрғындарға өтініш берген кезде жаңа құжат берілетінін түсіндірді. "Мекенжайды өзгерту жүйеде автоматты түрде жүзеге асырылады, ал азаматтар өтініш берген кезде оларға жаңа мекенжайлар беріледі, сонымен қатар атауларды өзгерту үшін барлық құқық белгілейтін құжаттар көрсетіледі жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де тегін орындалады", - деді Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев.
Мегаполистегі келесі көшелердің атауы өзгереді: Гагарин даңғылының Тимирязевтен Әл-Фарабиге дейінгі бөлігі енді әнші Ермек Серкебаевтың атымен аталады; Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесі актер Владимир Толоконников атындағы көшеге айналады; "Жас қанат" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге композитор Ескендір Хасанғалиевтің аты беріледі; Бостандық ауданындағы көшеге актер Юрий Померанцевтің аты берілмек.
"14 мамырдан 28 мамырға дейін ол қаралды ("Ашық НҚА" порталында – ред. ескертпесі). Ресми деректерке сай, жарияланым осы порталда 16 мыңнан астам қаралым жинады, мың жарымдай пікір жазылды. Оның қорытындысы бойынша барлығы 190 дауыстың "келіскенін", 50 дауыстың "қарсы"болғаны анықталды. Бұрын айтқанымдай, Гагарин көшесінің Тимирязевтен жоғарғы бөлігінің атын ауыстыруға сауалнамаға қатысқандардың 88 пайызы қолдады", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахнов.
Соңғы жаңалықтар
18.03.2026
14:11
Швейцариялық алпауыт компания Қазақмыстың мысын...
18.03.2026
14:02
Кімдерге 7 млн теңгеге дейін баспана көмегі бер...
18.03.2026
13:26
Санжар Боқаев ұсталды
18.03.2026
13:19
Қазақстанда оқушыларды мектептен шыға сала шене...
18.03.2026
12:56
Депутат шенеуніктерге әр жұма сайын демалыс бер...
18.03.2026
12:50
Баян Мақсатқызы қазақ тіліндегі діни тіркестерг...