Алматыда тұмауға қарсы дәрілердің бағасы екі есеге қымбаттады

Алматыда тұмауға қарсы дәрілердің бағасы екі есеге қымбаттады
Фото: Magnific

Алматыда суық тиюге қарсы танымал дәрілердің бірі – «Антигриппиннің» бағасы күрт қымбаттады, деп хабарлайды Politico.kz.

Соңғы бір айда препараттың құны екі есеге жуық өскен. Бұл жағдай тұрғындардың наразылығын тудырды.

КТК арнасының мәліметінше, бұған елде ЖРВИ маусымының қызуы және дәрі-дәрмекке сұраныстың артуы себеп болған. Егер бір ай бұрын «Антигриппиннің» 100 таблеткадан тұратын үлкен қаптамасын 4 700 теңгеге сатып алуға болса, қазір кейбір дәріханаларда оның бағасы 9 мың теңгеге дейін жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігінде бағаның өсуін маусымдық сұраныспен байланыстырады. Ведомство өкілдерінің түсіндіруінше, «Антигриппин» рецептісіз сатылатын дәрілер қатарына жатады. Сондықтан оның бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді.

Дегенмен Фармация комитеті дистрибьюторлар мен дәріхана ұйымдарына негізсіз қымбаттатуға жол бермеу туралы хат жолдаған. Министрлік өкілдері дәріханаларды адал бәсекелестік қағидаларын сақтауға шақырғанымен, дәрінің бағасына тікелей ықпал ете алмайтынын айтты.

Айта кетейік, соңғы уақытта Алматыда балалар арасындағы ЖРВИ жағдайына байланысты ата-аналар дабыл қағып жатыр. Олардың айтуынша, кейбір балалардың дене қызуы бірнеше күн бойы түспей, жұқпалы аурулар ауруханаларында ұзын-сонар кезек пайда болған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу