Жамбыл облысында жасөспірімдер қатысқан интимдік видеоға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында жасөспірімдер қатысқан интимдік видеоға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды
Фото: Politico.kz

Жамбыл облысында әлеуметтік желіде тараған резонанс тудырған видеоға қатысы бар барлық жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаға байланысты полиция екі қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Видеода бейнеленген жасөспірімдер заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізіліп, олармен тергеу амалдары жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке қойылған.

Ал олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, полиция облыстық білім басқармасы мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ресми ұсыныс жолдаған. Енді аталған мекемелер оқиғаның орын алуына себеп болған жағдайларды анықтап, оларды жою бойынша жұмыс жүргізуі тиіс.

Сонымен қатар интимдік сипаттағы видеоны интернетке таратқаны үшін жеке қылмыстық іс қозғалған. Полиция өкілдері порнографиялық материалдар мен өзге де заңсыз контентті тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға берілмек.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу