«Қазатомөнеркәсіптегі» жемқорлық ісі: Қуаныш Омарбеков пен тағы бір менеджер екі айға қамалды

«Қазатомөнеркәсіптегі» жемқорлық ісі: Қуаныш Омарбеков пен тағы бір менеджер екі айға қамалды
Фото: Kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының екі қызметкері екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Тергеу сотының санкциясымен компанияның өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков пен департаменттердің бірінің бас менеджері Е. Байқұлов екі ай мерзімге қамауға алынған.

ҰҚК мәліметінше, оларға қатысты бұлтартпау шарасы 2026 жылғы 26 қарашада таңдалған. Мұндай шешімге күдікке ілінген әрекеттердің сипаты мен ауырлығы негіз болған. Сонымен қатар тергеу барысында куәгерлер мен іске қатысы бар тұлғаларға қысым көрсету, дәлелдерді және қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін мүлікті жасыру қаупінің алдын алу көзделген.

Еске салайық, 25 қарашада ҰҚК Қуаныш Омарбеков пен өзге де тұлғалардың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, олар «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған деген күдікке ілінген сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деп күдіктеледі.

Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 367-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу