Алматыда жарыс ұйымдастырған «Гелендваген» жүргізушілері ұсталды
Алматыда Mercedes-Benz G-Class маркалы екі жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жолда қауіпті маневр жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Олардың әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция тексеру жүргізді.
Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан екі «Гелендваген» жүргізушісінің жол үстінде агрессивті түрде көлік жүргізіп, қауіпті маневрлер жасағанын көруге болады. Олардың әрекеті басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген.
Бейнежазба Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция қызметкерлерінің назарын аударған. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерінің жеке басын жедел анықтады.
Тексеру нәтижесінде рөлде 20 және 23 жастағы Алматы тұрғындары болғаны белгілі болды. Екі жүргізуші де қауіпті маневр жасағаны және қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әлеуметтік желіде тараған кадрларда көліктердің айып тұрағына қойылғаны байқалады. Алайда полиция бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Соңғы жаңалықтар