Алматыдағы крематорийге шетелдіктер де ағылған: Қанша адам кремацияланды?

13.08.2026 19:07 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыдағы крематорийге шетелдіктер де ағылған: Қанша адам кремацияланды?
232
Ашық дереккөз

Алматыда крематорий ашылғаннан бері 7 кремация рәсімі жүргізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы қалалық патологоанатомиялық бюро хабарлады. Крематорий ресми түрде 2026 жылдың 30 сәуірінде жұмысын бастаған. Осы уақыт аралығында марқұмдарды кремациялау бойынша туыстарынан 40-тан астам өтініш түскен.

Өтініш бергендердің арасында Қазақстан азаматтарымен қатар шетелдіктер де бар. Атап айтқанда, Қытай азаматтарына қатысты – 3, Ұлыбританиядан – 1, Ресейден – 2 және Өзбекстаннан – 1 өтініш тіркелген.

13 тамыздағы жағдай бойынша жалпы 7 кремация рәсімі өткізілген. Кремациядан кейін марқұмдардың күлі туыстарына берілген. Қажет болған жағдайда урна крематорийде бір жылға дейін уақытша сақтала алады.

Кремация тек марқұмның өзі бұл жөнінде құжат арқылы еркін білдірген жағдайда ғана жүргізіледі. Мұндай құжат болмаған кезде рәсім жасалмайды.

Шетел азаматтары да кремация қызметін Қазақстан азаматтарымен бірдей тәртіпте пайдалана алады. Олар үшін қосымша ақы немесе арнайы үстеме тариф қарастырылмаған.

Крематорийдегі рәсімдер Қазақстан заңнамасы мен нысанның ішкі талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий