«Мекке мен Мәдинаға апарамыз»: Астанада 60 млн теңгелік қажылық алаяқтығы әшкере болды
Астанада азаматтарға қажылық сапарын ұйымдастыруды ұсынып, 60 млн теңгеге жуық қаражатты иемденген екі адам сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Тергеу мәліметінше, Астананың екі тұрғыны алдын ала сөз байласып, Instagram желісінде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылыққа апаратындарын жарнамалаған.
Олардың уәдесіне сенген 37 азамат сапарға шығу үшін күдіктілерге жалпы 60 млн теңге берген. Алайда ұйымдастырушылар өз міндеттемелерін орындамай, жиналған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сот әрқайсысын 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы талаптары толық қанағаттандырылды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды діни сапарларды ұйымдастыратын тұлғаларды мұқият тексеріп, күмәнді ұсыныстарға ақша бермеуге шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
23:38
Павлодарда мектеп оқушысы террорлық шабуыл тура...
11.11.2026
22:21
“Балалардың зәресін ұшырды”: Қаскелеңде жартыла...
11.11.2026
21:48
Мұхтар Шахановтың кесенесі аяқталуға жақын: сәу...
11.11.2026
21:22
Мәскеудегі саммитте Арменияға қатысты күтпеген ...
11.11.2026
21:13
Екібастұзда теміржол қызметкерін жүк вагоны бас...
11.11.2026
20:59
Тоқаев Мәскеуде терроризм, есірткі және жасанды...