Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тауып, 12 күдікті ұсталды

30.04.2026 23:27 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тауып, 12 күдікті ұсталды
242
Алматыда екі жасөспірімнің өліміне байланысты 12 күдікті ұсталды

Алматы қаласында жасөспірімдер қатысқан жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал компьютерлік клубта басталып, кейін көшеде үлкен қақтығысқа ұласқан.

Куәгерлердің айтуынша, бастапқыда сөзге келген жасөспірімдер бір-біріне күш көрсетіп, төбелеске кіріскен. Сол сәтте қатысушылардың бірі пышақ қолданып, екі жасөспірім ауыр жарақат алған. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсеткенімен, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қаза болғандардың бірінің анасы оқиға қалай өрбігенін айтып берді. Оның сөзінше, ұлы досына көмектесуге барған. Алайда қарапайым сөйлесумен басталған кездесу бір сәтте қатыгез төбелеске айналып, салдарынан қайғылы жағдай орын алған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда полиция 12 күдіктіні ұстады. Олардың барлығының жасы 17–18 аралығында.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі қалған қатысушылардың да әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатыны ескертілді.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий