«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

30.04.2026 22:34 Қарақат АСЫЛОВА
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына қатысты мәлімдеме жасады
210
Видеодан кадр
Қайсар Қамза ұсталғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Желіде біраз уақыт көрінбей кеткен блогер Қайсар Қамза видео жариялап, өзіне қатысты тараған ақпараттарға түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол өзін ешкімнің ұстамағанын және қамауға алынбағанын айтты. Қазіргі уақытта Вьетнамда жүргенін жеткізген блогер тек көші-қон рәсімдеріне байланысты паспорты уақытша алынғанын хабарлады. Сондай-ақ ол жағдайға түсіністікпен қарауды сұрап, жақындарына қолдау көрсетуін өтінген.

«Қалайсыздар? Көп көрінбей кеттім. Жақында Қазақстанға барып қалам. Вьетнамдамын. Экстрадициялық мәселелерге байланысты соттар болып жатыр. Барлығы тыныш, тек паспортты алып қойды. Жақсы болып кетсін деп тілеңіздер, дұғада болыңыздар», – деп айтты ол.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қайсар Қамзаның Вьетнамда ұсталғаны жөнінде ақпарат таратқан болатын.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казино жарнамаларын жүйелі түрде жариялап, азаматтарды құмар ойындарға тартқан. Тергеу барысында оның осы әрекеттер арқылы 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқаны анықталған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий