Алматыдан Лондонға ұшып шыққан қазақстандықтар Франкфуртта қалып қойды
Лондонға ұшқан Air Astana рейсі Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алматыдан Лондонға ұшып шыққан KC663 рейсі 138 жолаушымен Франкфуртқа қонды.
Бұған Лондондағы Хитроу әуежайының жабылуы себеп болған.
Әуе компаниясының мәліметінше, Хитроу әуежайы 10 қыркүйек түнге дейін жабық болады. Осыған байланысты KC663 рейсі Лондонға келесі күні сағат 11:30-да ұшады.
Жолаушылардың 67-сінде қолданыстағы Шенген визасы жоқ. Сондықтан олар Франкфурт әуежайының транзиттік аймағында қалуға мәжбүр.
Күту кезінде жолаушыларды тамақ және салқын сусындармен қамтамасыз ету үшін барлығына тамақтануға арналған ваучерлер берілген. Қалаға шығуға құқығы бар жолаушылар қонақүйге орналастырылмақ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...
25.10.2026
12:33
Атырау тергеу изоляторындағы оқиға: Полиция рес...
25.10.2026
12:08
«Әлемдік аренада беделге ие»: Путин Қазақстан т...