Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды (ВИДЕО)
745
Сарқанд қаласына жақын жерде Алматы – Өскемен тасжолында болған жол апаты салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екі автокөлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы 10 желтоқсан күні шамамен 14:15-те болған.
Алдын ала деректер бойынша, KIA автокөлігінің жүргізушісі күрт нашарлаған ауа райы жағдайында – қарлы боран, көктайғақ және көрінудің шектелуі кезінде – қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан оқиға орнында төрт адам көз жұмды. Тағы төрт жолаушы түрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
23.08.2026
17:24
Алматыда бюллетеньді суретке түсіріп, желіге са...
23.08.2026
16:37
Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауында д...
23.08.2026
16:16
Құрылтай сайлауында сағат 16:00-де 8,24 млн ада...
23.08.2026
15:41
«Санкт-Петербург» деп жартасты бояған ресейлік ...
23.08.2026
15:41
«Назарбаевский системаны қолдаймын»: Данияр Еле...
23.08.2026
14:58
Тоқаев телефонды TikTok үшін емес, ақша табу үш...