Алтынай Жорабаева Түркиядан пәтер сатып алды

30.06.2026 16:39 Мөлдір ҚАЙНАР
Алтынай Жорабаева Түркиядан пәтер сатып алды
57
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева Түркияның Алания қаласынан бизнес класс санатындағы пәтер сатып алды, деп хабарлайды Politico.kz.

​Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол Махмутлар ауданында орналасқан Kingdom Premium тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер алған. Бес тұрғын үй блогынан тұратын бұл кешен аталған аудандағы ең беделді нысандардың бірі саналады.

​Жергілікті жылжымайтын мүлік нарығындағы мәліметтерге сүйенсек, мұндағы пәтерлердің бағасы шамамен 185 мың доллардан басталады.

​Алтынай Жорабаева жаңа баспанасын қабылдап алу үшін Түркияға арнайы барғанын айтты. Әншінің сөзінше, пәтер сатып алар алдында бірнеше тұрғын үй кешенін қарап, түрлі ұсынысты салыстырған. Ол Kingdom Premium кешенін Аланиядағы ғана емес, жалпы Түркиядағы ең үздік тұрғын үй кешендерінің бірі деп санайды.

​“Біз пәтерімізді қабылдап алуға келдік. Бұған дейін оның макетін көрсеткен едім. Көпшілік бұл кешенді Аланиядағы ең үздік бизнес-класс тұрғын үй кешені деп айтып жатыр. Мен ол тек Аланияда емес, бүкіл Түркия бойынша үздіктердің қатарында деп ойлаймын. Әртүрлі тұрғын үй кешендерінің суреттері мен видеоларын көп қарадым, бірақ Kingdom расымен ерекше. Біз екінші қабаттан пәтер алдық, тереземізден аквапарк көрініп тұр”, – деді әнші.

​Өнер иесі жаңа пәтер алғанына қатты қуанышты екенін жасырмады. Оның айтуынша, кешен аумағында хамам, бассейн, супермаркет және өзге де қажет инфрақұрылым нысандары бар.

​Алтынай Жорабаева келер уақытта кең әрі жаңа пәтерін толықтай жиһазбен жабдықтауды жоспарлап отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий