Амантай Дәндіғұлов халықаралық іздеуге жарияланды
1467
70 жастағы бұрынғы мемлекет қайраткері әрі журналист Амантай Дәндіғұловқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл дерек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында белгілі болды. Іздестіру ісіне Ішкі істер министрлігі бастамашы болып, іс 2026 жылдың 7 шілдесінде тіркелген.
Скриншот: qamqor.gov.kz
"Алматы қалалық полиция департаменті алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 7 шілдеде осы қылмысты жасады деген күдікпен оған іздеу жарияланды. Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігіндегілер.
Айта кетейік, Амантай Дәндіғұлов Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласын басқарған тұста әкімдік аппаратының жетекшісі болған. Кейіннен ол "Новая газета - Казахстан" басылымына басшылық еткен.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
11:31
Лифтте қызға тиіскен алматылыққа сот үкімі шықты
06.10.2026
11:14
16 миллион қазақстандықтың дерегінің таралуы: м...
06.10.2026
10:54
Кореядағы жаппай төбелеске қазақстандықтардың қ...
06.10.2026
10:53
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директоры...
06.10.2026
10:46
Францияда Сальвадор Дали жасаған 150 келілік қо...
06.10.2026
10:30
Қазақмыс ескі жабдықтармен қоштасып су жаңасына...