"Анам орыс тілді, бірақ қазір қазақша сөйлеуге тырысады": Айсәуле Бақытбек тіл үйренудегі тәжірибесін бөлісті
Продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек режиссер Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында қазақ сыныбында білім алған кездегі қиындықтары мен тәжірибесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның сөзінше, анасы орыс тілді отбасынан шыққанына қарамастан, өзі қазақ мектебіне барған. Алайда алғашқы кезде сыныптастарының арасында мемлекеттік тілді ең нашар меңгерген оқушы болғанын еске алды:
«Меніңше, отбасында орысша сөйлейтін адамдар баласын қазақ сыныбына берген дұрыс па, жоқ па деп жиі ойланады. Себебі маған бұл сұрақты көп қояды. Менің анам орыс тілді, бірақ қазір қазақша сөйлеуге тырысады. Оның үстіне, қазақшасы жаман емес. Өзім де қазақ сыныбына барған кезде орыс тілді едім. Сыныптастарымның арасында қазақша ең нашар сөйлейтін оқушы болдым. Тіпті бірінші сыныптағы алғашқы қоңырау кезінде бір сыныптасым: «Өз тіліңді білмесең, сенен дұрыс адам шықпайды», — деген еді», — деді ол.
Сабақ қазақ тілінде түсіндірілгендіктен, Айсәулеге бастапқыда ағылшын тілі секілді өзге пәндерді де меңгеру оңайға соқпаған. Дегенмен ол орыс сыныбына ауысудан бас тартқан. Оқу барысында әжесі үлкен қолдау көрсетіп, жоғары сыныптарға дейін үй тапсырмасын орындауға, тіпті «Абай жолы» романындағы әр сөйлемді аударып, түсінуге көмектескен:
«Меніңше, бәрібір баланы қазақ сыныбына берген жөн. Маған қиын болды, бірақ соған тұрарлық. Әжем болмағанда мектепті қалай бітірер едім, білмеймін», — деп түйіндеді Айсәуле Бақытбек.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.11.2026
17:13
Садыр Жапаров сайлау алдында ұлтаралық арандату...
12.11.2026
17:10
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институты...
12.11.2026
17:01
"Анам орыс тілді, бірақ қазір қазақша сөйлеуге...
12.11.2026
16:23
Павлодарда әйелді ұрып өлтіріп, мәйітін өртеп ж...
12.11.2026
15:57
Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мектеп бас...
12.11.2026
14:01
"Ешқандай сүю болған жоқ": Желіні шулатқан виде...