"Ешқандай сүю болған жоқ": Желіні шулатқан видеодағы әке сұхбат берді

"Ешқандай сүю болған жоқ": Желіні шулатқан видеодағы әке сұхбат берді
Фото: коллаж politico.kz

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен, әкесінің қызын құшақтап сүйгені түсірілген бейнежазба кейіпкерлері сұхбат беріп, оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Көпшілік арасында түрлі пікір мен күмән тудырған видеоға қатысты қыздың әкесі өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, жазбада ешқандай ерсі әрекет болмаған, тек тұңғыш қызына деген әкелік мейірімі түскен:

«Ешқандай сүю болған жоқ, тек мұрнының жанынан ұзақ иіскедім. Тұңғышым болған соң көңілім босап құшақтадым, ары қарай әркім көргенін көрді. Өз қызымды әйелімді сүйгендей сүйе алмайсың ғой, ол қалай болатынын да білмеймін», — деді ер адам.

Ерлі-зайыптылар желіде тараған жағымсыз пікірлердің қыздарының психологиялық жағдайына әсер еткенін атап өтті. Алайда ата-анасы жасөспірімге жағдайдың бәрін түсіндіріп айтқандарын, қазіргі уақытта қыздарының ешқандай психологиялық қысымға ұшырамағанын жеткізді.

Сондай-ақ төрт баланы тәрбиелеп отырған отағасы даулы видеодан кейін жауапкершілікке тартылып кетемін бе деп алаңдайтынын жасырмады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу