«Анау жерде, мына жолдан өтіп бара жатады»: Созақта елестердің арасында «тау адамы» тұрады
1719
Түркістан облысының Созақ ауданында жасы алпысқа таяса да жападан-жалғыз тау кезіп, сол жақты мекен ететін «тау адамы» тұрады, деп хабарлаы Turkistan.tv телеарнасы.
Ол жыл сайын жаз шыға бере керегін арқалап, тауға аттанады. Тау басына күрке тігіп, 3-4 ай жападан-жалғыз өмір сүреді.
Малым бар, жаным бар, түнде тұрып қараймын ғой. Жан-жағымда елестер, анау жерде, мына жолдан өтіп бара жатады. Былай келіп, мына жақта да тұрады, сондай елестерді көп көремін, - дейді «тау адамы».Шавкат тау басында құр жүрмейді, құзар шыңның ең биік жеріне барып, әр нәрсені армандайды. Әсіресе актер болғысы келетінін айтады, тіпті сценарий де дайындап қойған. Дегенмен «әттең, тонның келтесі-ай» деп отыр, өйткені шалғайда жүрген тау адамын әйгілі кинорежиссер Джеймс Кэмерон қайдан білсін?!
Өткенде таудың басына шықсам, жаңбыр жауып тұр екен. Джеймс Кэмеронды ойлап жатқам. Көз алдыма елестетіп жатырмын, Оскарды жеңіп, бірге киноға түсіп жатқанын... Осының бәрі көз алдыма елестеп, көз жасыма ие бола алмай қалдым, - дейді ол.«Тау адамының» бір қасиеті – ешқашан өшпейтінін сурет салады, яғни тасқа қашап салынған туындылар.
Ол суретті айтатын болсам, «Бір өзім кең далаға сыймаймын» деп аталады. Бұл суреттегі қыз емес, ол менмін. Анау тұрған – мен және лашын құс. Арманыма қарай ұмтылып жатырмын деген бейнеде, - деп түсіндірді тасқа қашалған суреттерін Шавкат Жұртанов.Ол осы суреттерімен көпшілікке танылған. Ал мұндай ой сондағы петроглифтерді көріп жүргенде туындаған екен. Тарихи туындыларды сурет салып жүріп бүлдіріп алған көрінеді. Жергілікті әкімдіктен ескерту келген соң ондай орындарға мүлде жоламайтын болдым дейді ол.
Соңғы жаңалықтар
15.08.2026
09:17
Қазақстандық футболшы Дастан Сатпаевтың жаңа кл...
14.08.2026
23:59
Ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті
14.08.2026
23:14
Алматыда жаппай жарық өшкенде «Сергек» айыппұл ...
14.08.2026
23:05
Ирина Раззах: 9-кезеңде қан, жүрек және көз аур...
14.08.2026
22:50
2044 жылға дейін баю үшін қай салаға бару керек?
14.08.2026
22:02
Тамара Асар күйеуінің марқұм ұлы туралы: Аналық...