Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды

Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды
23.12.2024 12:01
0
276
Instagram/ayreeofficial

Жақында сүйіктісінің ұсынысын қабылдаған әнші Ayree отбасылық өмірге қадам басты. Қос ғашық көп ұзамай, мешітте некесін қидырды.

Бұл қуанышты жаңалықты өнер иесінің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Ayree неке қию рәсімінен фотоларды бөлісіп, ел назарына ұсынды. Белгілі болғандай әнші ару мен оның сүйіктісі 20 желтоқсан күні мешітте неке қиған. Қос ғашықтың бақытты сәтіне жақын достары куә болған. "ЖанҰя" , - деген қысқаша жазба қалдырды Ayree суреттердің астына.

Желі қолданушылары жас жұбайлар үшін қуанып, оларға ақ тілегін жаудырды. "Бақытты болыңдар", "Сондай жарасымды жұп, көз тимесін", "Некелерің берік болсын", "Ayree үшін қатты қуанып тұрмын. Тіпті жылағым да келіп кетті", "Махабаттарың баянды болғай", - деп жазуда оқырмандар. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или