Гүлзат Көбенова вице-министр қызметінен босатылды
Гүлзат Көбенова Қазақстанның ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген Үкіметтің хабарламасында.
Гүлзат Көбенова бұл қызметке 2025 жылғы 4 маусымда тағайындалған еді.
Гүлзат Көбенова туралы не белгілі
Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасында оқытушы болып бастаған.
2002–2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтер атқарған.
2009–2010 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде сарапшы, Ақпарат басқармасының басшысы болған.
2010–2018 жылдары Білім және ғылым министрлігінде түрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
2018–2019 жылдары Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін Президент кеңсесінде сектор меңгерушісі және инспектор болған.
2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың қаңтарына дейін Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетін басқарған.
2020–2022 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2022–2023 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болды.
Ал 2023–2025 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетін басқарған.
Соңғы жаңалықтар