Әнші-композитор Марат Омаров неге әнін Нұрлан Өнербаевқа орындатқысы келмейді?
3179
“Анашым шалқып күлсе, алдымда ұзақ жүрсе...” деп басталатын халыққа кеңінен танымал әнді енді Нұрлан Өнербаев орындамайтын болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әншінің айтуынша, бұл шешімге композитор Марат Омаровтың өтініші себеп болған.
Халық бұл әнді соңғы 37 жыл бойы Нұрлан Өнербаевтың репертуарынан естіп келген. Алайда, әннің авторы Марат Омаров шығарманың иесі ретінде аты аталмай келе жатқанына реніш білдірді.
«Көпшілік бұл әнді Нұрланның жеке әні деп ойлайды. Караокеде де солай жазылған. Әннің сөзін жазған Қайрат Жұмағалиевтің қызы да “әкемнің аты аталмайды” деп ренішін айтты. Нұрланның дауысын сыйлаймын, бірақ авторды атау — оны кішірейтпейді.
Мен оған тыйым салған жоқпын, тек “егер концерттерде авторды атамайтын болсаң, онда бұл әнді айтпағаның дұрыс” дедім. Халық “Анашым” әнін Нұрланның өзінікі деп ойлайды», — деді Марат Омаров Bugin Live бағдарламасында.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...