Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі жас «қызбен» көңіл қосқан ба

Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі жас «қызбен» көңіл қосқан ба
13.02.2025 09:52
0
235
коллаж politico.kz

Назира Бақаеваның жас қызбен түскен суреттері желіде қызу талқылануда.

Режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы жары Назира Бақаеваның жас қызбен бірге түскен суреттері әлеуметтік желіде кеңінен таралуда.

Назира Бақаева TikTok парақшасында Doris есімді бойжеткенмен бірге түскен суреттерін бөлісіп, оған жылы лебізін білдірген.

«Менің ғаламшарым», – деп жазып, бойжеткеннің аккаунтын белгілеген.

Өз кезегінде Doris-тің парақшасында да Назирамен бірге түскен суреттер мен видеолар жарияланған. Ол бір жазбасында:

«Ешкімге бермеймін, сұрамасын», – деп жазған.

Желі қолданушылары режиссердің бұрынғы әйелінің бұл әрекетіне түрлі пікір білдіріп, таңданыстарын жасырмаған.

«Масқара», «Әр әйел бақытты болуға лайық», «Хиджабты неге шешіп тастадыңыз?», – деген сынды пікірлер көптеп жазылған.

Айта кетейік, Ақан Сатаев пен Назира Бақаева ресми түрде ажырасқанын бұған дейін хабарлаған болатын. Ал кейіннен режиссердің актриса Альмира Тұрсынмен қарым-қатынаста екені жайлы ақпарат тараған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий