Ақбота-Нұр өзі сияқты жалғызбасты әйелдерге мотивация берді
838
Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет қазір өмір сынағына сынбай жүрген жалғызбасты аналардың көп екенін айтты. Ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұқбатында өміріне еш өкпесі жоқ екенін де алға тартты.
Өмір болғандықтан неше түрлі жағдайлар, қиындықтар болады. Өмір ақ пен қарадан тұрады. Бір кездері бал-бұл жайнап, бақытты өмір сүруің мүмкін. Ертесіне бүкіл байлығыңнан, денсаулығыңнан айырылып, ешкімге керек емес халде болып қалуың да мүмкін. Егер Алла Тағала дәл осы қалпымда тағы да жарататын болса, мен дәл осы өмірімді сүретін едім. Өйткені мен өміріме өкінбейтін адаммын, - дейді ол.Сондай-ақ өзі сияқты жалғызбасты аналарға сүрінген, құлаған кездерде тек қана алға қарай ұмтылу керектігін ескертті. Айтуынша, жалғызбастылар сол сәтте ғана жетістікке жетіп, бақытты әрі батыр әйел болады екен.
Мен сияқты жалғызбасты, екі баласы бар аналар қаншама? Мен ғана емес, қаншама әйел ажырасып жатыр. Нешетүрлі жағдайлар болып жатыр. Біреу біреудің әйелін өлтіріп жатыр, күйеуі қасақана жасап жатыр дегендей. Бірақ осыған сынбай, сүрінбей, өз бала-шағасын тартып, бауырларына көмектесіп жүрген қаншама әйел бар... - деп ағынан жарылды Ақбота-Нұр.
Соңғы жаңалықтар
24.02.2026
19:07
Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген к...
24.02.2026
17:38
Талғардағы оқушы қызды зорлау ісі: анасы Презид...
24.02.2026
17:24
«Тым қатаң жаза»: Яна Легкодимованың өліміне кі...
24.02.2026
17:07
Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ...
24.02.2026
16:08
ҰҚК полковнигі сотталды
24.02.2026
15:02
Пәтер мен 20 миллион ұсынған: Қыз зорлады деген...