Ақмола облысында үсіп қалған ер адам көз жұмды
1361
Бүгін Ақмола облысының Зеренді ауданында, Айдарлы ауылының маңындағы Қайранкөл көлінде үсіп қалған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Құтқарушыларға моторлы қайықпен балық аулауға шыққан 45 жастағы ер адамды құтқаруға тура келді. Белгісіз жағдайлармен ол суға түсіп кеткен және өз бетінше жағаға шыға алмаған.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді.
Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол дәрігерлердің қолына тапсырылды. Алайда соңғы мәлімет бойынша, ер адам үсіп қалу салдарынан көз жұмды.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
12:22
Алматы облысында бір жыл бұрын жоғалып кеткен ә...
10.07.2026
12:08
Жол апатына ұшыраған полиция полковнигі қызметі...
10.07.2026
11:35
Қазақ әндерін балағаттаған көкшетаулық әйел қам...
10.07.2026
11:26
«Жәбірленуші сөйлегенде мәз болды»: судья Сәрсе...
10.07.2026
11:10
Антальяда көз жұмған қазақстандықтың ісіне қаты...
10.07.2026
10:56
Қазақ әдебиеті қара жамылды