Ақмолада зейнеткер «салық қызметкеріне» сеніп, 3,8 млн теңгесінен айырылды

15.02.2026 16:30 Қарақат АСЫЛОВА
Ақмолада зейнеткер «салық қызметкеріне» сеніп, 3,8 млн теңгесінен айырылды
151
Ашық дереккөздерден
WhatsApp арқылы хабарласқан алаяқтар зейнеткерді сан соқтырды

Ақмола облысында зейнеткер өзін «салық қызметкеріміз» деп таныстырған алаяқтарға 3,8 млн теңге аударып жіберді, деп хабарлайды Politico.kz.

11 ақпанда өңір тұрғынына WhatsApp арқылы белгісіз адамдар хабарласып, өздерін мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар ер адамның атына тіркелген жеке кәсіпкерлікті (ЖК) жабу қажет екенін айтып, SMS арқылы келген кодты айтуын сұраған.

Араға уақыт салып, зейнеткерге тағы біреулер қоңырау шалып, бұл жолы өздерін Қаржылық мониторинг агенттігі мен полиция қызметкерлері ретінде таныстырған. Белгісіздер «қаражатыңызды қорғау үшін қауіпсіз шотқа аудару қажет» деп сендіріп, бірнеше банк шотына ақша жіберуге көндірген.

Салдарынан ер адам дропперлердің есепшоттарына 3,8 миллион теңге аударған. Кейін оның алаяқтық схемаға тап болғанын түсінген зейнеткер құқық қорғау органдарына жүгінген.

Ақмола облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғанын хабарлады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды белгісіз тұлғаларға SMS-кодтарды айтпауға және «қауіпсіз шот» деген сылтаумен ақша аудармауға шақырады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий