Ақпанда бензин бағасы қымбаттайды
Қазақстанда бензин мен сұйытылған газ бағасы көтеріледі
Қазақстанда бензин бағасы ақпан айынан бастап біртіндеп көтеріле бастайды. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев үкіметтің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Министрдің айтуынша, сұйытылған газдың бағасы жақын арада көтеріледі, ал тауарлық газдың бағасы биылғы жазда өсуі мүмкін. "Өткен жылы біз бағаны 54 теңгеден 85 теңгеге дейін көтердік. Қазір баға 59-дан 90 теңгеге дейін ауытқуда. Жақын арада біз шекті диапазонды 64-98 теңге деңгейінде белгілейміз. Бұл аймаққа байланысты өзгереді", – деді Сатқалиев.
Министрдің сөзінше, отын бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін үкімет барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов те халықты жанар-жағармай материалдарының бағасы кенеттен қымбаттамайды деп сендірген болатын.
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру үшін үкімет әкімшілік шараларды күшейтпек.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
21:27
Мемлекетке қайтарылған Назарбаевтың зауыты саты...
19.11.2026
19:20
Бектенов Ақтөбедегі екі зауытты аралады
19.11.2026
17:46
Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға берілетін ...
19.11.2026
17:16
Алматыда қызды ұрған жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.11.2026
17:03
Жабық сот: Қазақстанда тыңшылық жасады деген өз...
19.11.2026
16:43
Тұрғын үйде болған жарылыстан кейін жеті адам і...