АҚШ 369 қазақстандықты елден депортациялайды
АҚШ билігі 369 қазақстандықты елден депортациялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Fox News арнасы АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметінің (ICE) ресми есебі мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
АҚШ үкіметі заңсыз мигранттардың үлкен тобын депортациялау шарасын бастады. Жалпы тізімде 1,5 миллионнан астам адам бар, оның ішінде 369 қазақстандық және 337 ТМД елдерінің азаматтары.
🔹 АҚШ-та депортацияланатын мигранттар саны – 1,5 млн адам
🔹 369 қазақстандық елден шығарылуы мүмкін
🔹 337 адам ТМД елдерінен
🔹 Барлық тізімдегі азаматтарға сот депортация туралы шешім шығарған
🔹 АҚШ билігі заңсыз мигранттарға елден өз еркімен кетуді ұсынды
ICE мәліметінше, бұл азаматтар қамауға алынбаған, бірақ олардың елден шығуы туралы сот шешімі шыққан. Яғни, олар жақын арада АҚШ-тан мәжбүрлі түрде шығарылуы мүмкін.
Айта кетерлігі, тізімде қазіргі таңда жоқ елдер – КСРО және Югославия да бар. АҚШ-та бұл елдерден келген, бірақ жаңа мемлекеттердің азаматтығын алмаған тұлғалар олардың мұрагер мемлекеттеріне жіберіледі.
АҚШ-та миграциялық саясат күшейді
Бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі миграциялық саясаттың қатаңдатылғаны туралы қазақстандықтарды ескерткен болатын. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі заңсыз мигранттармен күресті күшейтуге ниетті.
АҚШ билігі елдегі заңсыз мигранттарға өз еркімен елден кетуге мүмкіндік беретін бағдарлама ұсынған. Бірақ бұл мүмкіндікті пайдаланбағандарға мәжбүрлі депортация қолданылатынын ескертті.